Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Республикалық "Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" жобасын іске асыру аясында №43 "Гүлдәурен" балабақшасында  "Бала, отбасы, балабақша" атты мәдени-бұқаралық іс- шарасы өткізілді.
Басты мақсаты: Қоғамда әйел мен ананың рөлін, отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығын насихаттаумен қатар бүлдіршін балаларды ұлттық мәдениет пен үздік дәстүрлерге тарту көзделді. Іс-шараға КХА жанындағы аналар кеңесінің мүшелері және №43 "Гүлдәурен" балабақшасының ата-аналары  қатысты.
Іс-шара барысында "Тұғырлы отбасы-бақытты балалық шақтың бастауы" тақырыбында ой өрбітіп, пікірталас, жас аналардың шығармашылық  шеберханасы,  асыл аналардың ақыл-кеңес сағаты және бүлдіршіндердің "Бақытты балалық шақ" музыкалық композициясының көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс -шара соңында "Қоғамдық келісім" КММ атынан алғыс хаттар табыс етілді.