Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Республикалық "Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" жобасын іске асыру аясында №43 "Гүлдәурен" балабақшасында "Бала, отбасы, балабақша" атты мәдени-бұқаралық іс- шарасы өткізілді.
Басты мақсаты: Қоғамда әйел мен ананың рөлін, отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығын насихаттаумен қатар бүлдіршін балаларды ұлттық мәдениет пен үздік дәстүрлерге тарту көзделді. Іс-шараға КХА жанындағы аналар кеңесінің мүшелері және №43 "Гүлдәурен" балабақшасының ата-аналары қатысты.
Іс-шара барысында "Тұғырлы отбасы-бақытты балалық шақтың бастауы" тақырыбында ой өрбітіп, пікірталас, жас аналардың шығармашылық шеберханасы, асыл аналардың ақыл-кеңес сағаты және бүлдіршіндердің "Бақытты балалық шақ" музыкалық композициясының көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс -шара соңында "Қоғамдық келісім" КММ атынан алғыс хаттар табыс етілді.
https://guldauren43.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/120-a-ymda-y-zhyldy-8-s-uir-k-ni-respublikaly-m-denietti-ana-m-denietti-lt-zhobasyn-iske-asyru-ayasynda-a-t-be-oblysy-kha-zhanynda-y-analar-ke-esini-zh-ne-a-t-be-alasy-43-g-ld-uren-md-birlesken-bala-otbasy-balaba-sha-atty-m-deni-b-araly-is-sharasy-balaba-sha-imaratynda-tkizildi.html#sigFreeIdfa4e2b0323






