№ 43 «Гүлдәурен» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі

Білімі – жоғары

Мамандығы – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу.    Біліктілік санаты –Екінші

Еңбек өтілі –  7 жыл

Етенбаева Света педагогикалық  еңбек жолын 2014 жылдан бастады.

Ол 2020жылы «QAZAQ BILIMI» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық  жинағына «Алтын күз» тақырыбында мақаласын жариялады.

Ал «Педагогикалық шолу» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық  журналына «Қонақжайлылық» тақырыбында мақала берді.

 2021 жылы «Самғау» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздік тәрбиеші-2021» ІІ-республткалық  қашықтық олимпиадасында жеңімпаз атанып, ІІ дәрежелі диплом және сертификатқа ие болды.

2021жылы «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘРБИЕШІЛЕР мен ЗИЯТКЕРЛІК БАЛАЛАР ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫ» ҚҚ  ұйымдастырған «Күз кереметтері»  ІІІ Халықаралық  эссе, сурет,фотографиялар  байқауына бүлдіршіндерді дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘРБИЕШІЛЕР мен ЗИЯТКЕРЛІК БАЛАЛАР ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫ» ҚҚ  ұйымдастырған ІІ Халықаралық «Үздік тәрбиеші портфолиосы»  байқауына белсене қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі  дипломмен марапатталды.