?2022 жылғы 5 сәуір күні Ақтөбе қаласындағы №43 «Гүлдәурен» балабақшасында облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын оқыту және тәрбиелеу процесінде тиімді қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.
?Шарада балабақшаның заманауи инновациялық технологияларды енгізудегі оң тәжірибесін тарату, педаготерге кәсіби құзыреттілікті арттыруға мүмкіндігін беру мақсаттары көзделді.
✅Семинарда орталықтың бөлім әдіскері М.Мурзагулова мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамыған тұлға етіп оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсатыбілім беру жүйесіндегі инновациялық технологияларды қолдану екендігін баса айтты.
?Балабақша меңгерушісі Б.Ж. Жетесованың «Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы» тақырыбындағы бейнеролигі қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
?Семинардың практикалық бөлімінде педагогтер өз іс-тәжірибесінен әр түрлі жұмыс түрлерін: құм терапиясы, сенсорлық бөлме, М.Монтессори технологиясы және бүлдіршіндермен қарапайым эксперименттік зертеулерді ұйымдастыру жолдарын көрсетті. Сондай-ақ, бүкіл әлемге танымал «Кюизенер таяқшалары», «Дьенеш блоктары», В.Воскобовичтің дидактикалық құралдарының әдістерін педагогтер оқу-тәрбие процесінде тиімді қолданылуы ұсынылды.
✔️Шара соңында қатысушылар семинардан алған жағымды әсерлерін, ой -пікірлерімен бөлісіп, балабақшаның шығармашылық ұжымына алғыстарын білдірді.
https://guldauren43.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/117-balaba-shada-zamanaui-tekhnologiyalardy-o-ytu-men-t-rbieleudi-tiimdi-oldanu.html#sigFreeIdd18418f189






