18-наурыз "Игі істер күні"
18-наурыз "Игі істер күні" ?
Наурыз – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың, ізгіліктің оянатын шағы.Адам жақсылық жасағанда оның жаны жайланып, өзін кереметтей жеңіл сезінетіні белгілі. Әр адамның бойында жақсылық жасауға ұмтылыс бар. Сондықтан да бір адамның жасаған әрбір жақсылығы көпшілікті ізгі, игі істерге шабыттандырады.
Бүгін – игі істер күні. Атаулы күн аясында балабақшамыздың "Алақай" және "Ботақан" ересек тотарының ата-аналары мен тәрбиешілері бірігіп көп балалы,аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті. Наурыз мерекесімен құттықтап, азық-түлік үлестірді.
Әр адамның бойында мейірім мен қарапайымдылық ұштасса – игілікті іс жасауға мүмкіндік те көбейеді






