?Балабақшамызда 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр Жеңіс күніне орай "Ұрпақтар ұмытпайтын - Ұлы Жеңіс" атты мерекелік іс-шара өткізілді.
✅Мақсаты: Жас ұрпақты патриоттыққа, өз елін, жерін қастерлей білуге тәрбиелеу және соғыс ардагерлері мен әскерилерге алғыс білдіріп, құрмет көрсету.
?Атаулы і-шараға балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары шақырылды. Олардың ішінде Достық тобының тәрбиеленушісі Рулан Абудың атасы - Кенжегарин Руслан Нұрқасымұлы- Ауған соғысының ардагері және елім деп еңбек етіп, әскери қызмет атқарып жүрген ата-аналар болды.
Қонақтардың құрметіне бүлдіршіндер мен педагогтардан концерттік бағдарлама көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды.
Өз кезегінде ата-аналар тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.






