14 наурыз - Көрісу мейрамы.? Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. ✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨ Амал күні қазағым көріседі Көрісу, бұл көненің желісі еді Жасың құтты болсын деп жамырасып, Ақ ниетпен адал бол деліседі Көріседі көңілдер жібісін деп Көріседі тасысын ырысың деп Көріседі көк мұзда жібісін деп Көріседі оң болсын ырысың деп.